Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 28.04.2012 № А-6/218 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүліктің тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № А-3/112 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3388 тіркелген, 26 сәуірдегі 2011 жылғы «Акмолинская правда», «Арқа ажары» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген, жекешелендіруге жататын облыстық коммуналдық мүліктің тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жолы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С.Дьяченко