Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2012.06.29 № 6/4 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Аршалы аудан әкімінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 01-02-23/107 хатын қарастырып, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ауданның селолық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс есептік айлық көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүзден айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде 2011 жылға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2011.09.07 № 41/3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы шешім Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аршалы аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А.Гусев
Аршалы аудандық
мәслихат хатшысы Ю.Сериков
«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы ауданының әкімі Е.Маржықпаев
«Аршалы ауданының
экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Андрух