Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 26.03.2013 № 01-359 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес және нысаналы топтар құрамына кіретін және әлеуметтік қорғауда неғұрлым мұқтаж тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету мақсатында, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі анықталсың:
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жасты қоса алғандағы жастар;
2) көп уақыт жұмыс істеймейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
3) ертеде жұмыс істемеген тұлғалар;
4) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі Р.Әубәкіров