Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімдігінің 29.10.2014 № 352 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астрахан ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жай бөлу туралы» 2011 жылғы 23 ақпандағы № 62 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-6-148 тіркелген, 2011 жылғы 2 наурызда «Маяк» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 қосымшаның 1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Астрахан селосы, Әл-Фараби көшесі, 44 үй, «Астрахан ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд».
2.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
3.Аудан әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі Р.Әкімов
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ю.Наприенко