Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімі аппаратының 18.06.2013 № 03-20/761 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі Е.Нұғыманов
КЕЛІСІЛДІ
«Ақмола облысы Бұланды ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы К.М.Камалиев