2012 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 16 шешімі. Ақмола облысы Бұланды ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 желтоқсанда № 1-7-141 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 18 маусымдағы № 03-20/761 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімі аппаратының 18.06.2013 № 03-20/761 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережеге сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесінде тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бұланды ауданының әкімі                    Е.Нұғыманов

      КЕЛІСІЛДІ

      «Ақмола облысы Бұланды ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            К.М.Камалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады