Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 30.10.2014 № 1106 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери кызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығының, «Белгіленген әскери қызмет мерзiмін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысының негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында «Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын және бекітілсін.
3. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмінiң орынбасары Қ.Ш.Шаяхметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшілдер ауданының әкiмі Т.Хамитов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақмола облысы Еңбекшілдер
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Б.Есімов
«Қазақстан Республикасының Ішкі
істер министрлігі Ақмола облысының
Ішкі істер департаменті Еңбекшілдер
ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Каппель
Ақмола облысы денсаулық сақтау
басқармасы жанындағы «Еңбекшілдер
орталық аудандық ауруханасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны бас дәрігерінің
міндетін атқарушы З.Шаубаев
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 15 наурыздағы
№ А-3/69 қаулысына 1 қосымша
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2011.07.26 № А-7/197 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен).
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Есімов Бауыржан |
«Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы |
Оразалин Әнуар |
«Еңбекшілдер ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің маманы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары |
Комиссия мүшелері: |
|
Ережепов Азамат |
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының ішкі істер департаменті Еңбекшілдер ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Зейнотуллина Нағима Зейнотуллинқызы |
«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Еңбекшілдер орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жасөспірімдер дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) |
Гудименко Оксана |
«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Еңбекшілдер орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны стоматологиялық кабинетінің медициналық бикесі, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша) |
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 15 наурыздағы
№ А-3/69 қаулысына 2-қосымша
Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды
өткізу кестесі
№ |
Қала және |
Әскерге шақыру комиссиясының |
||||||
1.04 |
4.04 |
6.04 |
7.04 |
21.04 |
05.05 |
11.05 |
||
1 |
Аңғал-батыр |
16 |
7 |
|||||
2 |
Ақсу |
3 |
||||||
3 |
Баймырза |
12 |
8 |
|||||
4 |
Бірсуат |
10 |
4 |
|||||
5 |
Уәлихан |
5 |
2 |
|||||
6 |
Донской |
10 |
10 |
|||||
7 |
Заозерный |
6 |
2 |
|||||
8 |
Еңбекшілдер |
14 |
8 |
|||||
9 |
Заураловский |
6 |
5 |
|||||
10 |
Кеңащы |
12 |
3 |
|||||
11 |
Краснофлотский |
9 |
1 |
|||||
12 |
Макинский |
15 |
16 |
|||||
13 |
Мамайский |
6 |
3 |
|||||
14 |
Ульгинский |
20 |
10 |
|||||
15 |
г. Степняк |
25 |
25 |
кестенің жалғасы
8.06 |
3.10 |
4.10 |
6.10 |
12.10 |
13.10 |
3.11 |
10.11 |
5.12 |
2 |
17 |
6 |
2 |
|||||
5 |
||||||||
14 |
7 |
3 |
||||||
7 |
3 |
|||||||
5 |
2 |
|||||||
3 |
20 |
5 |
4 |
|||||
1 |
5 |
|||||||
2 |
15 |
10 |
1 |
|||||
8 |
4 |
|||||||
7 |
4 |
|||||||
7 |
3 |
3 |
||||||
8 |
25 |
10 |
||||||
10 |
5 |
|||||||
5 |
20 |
5 |
7 |
|||||
7 |
30 |
20 |
10 |
16 |