Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № А-3/69 "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № А-7/197 қаулысы. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 тамызда № 1-10-144 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1106 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 30.10.2014 № 1106 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Еңбекшілдер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2011 жылғы 15 наурыздағы № А-3/69 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-137 тіркелген, 2011 жылғы 7 сәуірде аудандық «Жаңа дәуір» - «Сельская новь» газетінде жарияланған)қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмінiң орынбасары Б.Ш.Қалиевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшілдер ауданының әкiмі                Т.ХАМИТОВ

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ақмола облысы денсаулық
      сақтау басқармасы жанындағы
      «Еңбекшілдер орталық аудандық
      ауруханасы» мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері                  З.Б.Шаубаев

Еңбекшілдер ауданы 
әкімдігінің 2011 жылғы
26 шілдедегі № А-7/197
қаулысына қосымша 

Еңбекшілдер ауданы 
әкімдігінің 2011 жылғы
15 наурыздағы № А-3/69
қаулысына 1 қосымша 

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

Есімов Бауыржан
Неғметұлы

«Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы

Оразалин Әнуар
Серікбайұлы

«Еңбекшілдер ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің маманы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Ережепов Азамат
Турабайұлы

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының ішкі істер департаменті Еңбекшілдер ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Зейнотуллина Нағима Зейнотуллинқызы

«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Еңбекшілдер орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жасөспірімдер дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)

Гудименко Оксана
Геннадьевна

«Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Еңбекшілдер орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны стоматологиялық кабинетінің медициналық бикесі, шақыру комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады