Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.03.06 № 5С-2/11 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 753 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының 1 тармағына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жарқайың аудандық мәслихатының «2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 4С-31/4 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-12-147 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 мамырдағы «Целинное знамя» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомасында көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомасында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі 2011 жылға арналған әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық маслихат
сессиясының төрағасы Б.Әубәкіров
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Б.Швачкин
«КЕЛІСІЛДІ»
Жарқайың ауданының әкімі А.Қалжанов