2011 жылға арналған ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 сәуірдегі № 4С-31/4 шешімі. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 сәуірде № 1-12-147 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы № 5С-2/11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.03.06 № 5С-2/11 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Жарқайың ауданы әкімінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 01/121 хатын қарап, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомасында көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын сомасында тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі 2011 жылға арналған әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2011.10.12 № 4С-36/2 (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
      2.Осы шешім Жарқайың ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Б.Швачкин

      «КЕЛІСІЛГЕН»

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Қалжанов

      Жарқайың ауданының
      «Экономика және қаржы бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Б.Ахметова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады