Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 26.06.2013 № 04-596 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылы Жақсы ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін, тұлғалар;
2) 29 жасқа дейінгі жастар;
3) бір де бірі жұмыс істемейтін отбасыларының тұлғалары;
4) емделудің толық курсынан өткен туберкулезбен ауыратындар;
5) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Бралинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі И.Қабдуғалиев