2011 жылы Жақсы ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № А-2/97 қаулысы. Ақмола облысы Жақсы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 сәуірде № 1-13-130 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 04-596 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімі аппаратының 26.06.2013 № 04-596 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 3137 баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылы Жақсы ауданының аумағында тұратын, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін, тұлғалар;
      2) 29 жасқа дейінгі жастар;
      3) бір де бірі жұмыс істемейтін отбасыларының тұлғалары;
      4) емделудің толық курсынан өткен туберкулезбен ауыратындар;
      5) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Бралинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Жақсы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                И.Қабдуғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады