«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Үйлерінде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № А-1/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-16-70 нөмірімен тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2008 жылдың 18 ақпанында жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
кіріспедегі «жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1-16-77 нөмірімен тіркелген, «Сандыктауские вести» газетінде 2008 жылдың 14 мамырда жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
кіріспедегі «жергілікті мемлекеттік басқару» деген сөздерден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын.
2 тармақтағы «Б.С.Ізбасароваға» деген сөзді «Ә.Қ.Қазизоваға» деген сөзбен ауыстырылсын.
3. Сандықтау ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков