Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 наурыздағы N А-3/55 қаулысы. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 28 сәуірде N 1-16-77 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № А-13/407 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 25.12.2013 № А-13/407 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 наурыздағы № 4/9 «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының тізбесін келісу туралы» сессиясы шешімінің негізінде, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011.02.09 № А-2/49 (қолданысқа енгізу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулысымен
      1. Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет мамандарының лауазымдарының аудандық мәслихатпен келісілген тізбесін, қосымшаға орай анықтасын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қ.Қазизоваға жүктелсін.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011.02.09 № А-2/49 (қолданысқа енгізу тәртібін  3 тармақтан қараңыз) қаулысымен
      3. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан туындалған, құқық қатынастарына таратылады.
      4. Осы қаулы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі                    Ө.Мұсабаев

Сандықтау ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 27 наурыздағы № А-3/55
қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011.05.06 № А-5/116 (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2011.09.30 № А-10/229 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.03.19 № А-3/88 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен

Ауылдық (селолық) жерлерде
жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім және мәдениет
мамандарының лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
      күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы.
      2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      кітапхана, клуб меңгерушісі;
      аккомпаниатор;
      әдіскер;
      музыкалық жетекші;
      хореограф;
      кітапханашы;
      библиограф;
      мұғалім;
      балетмейстер;
      дыбыс режиссері.
      3. Білім мамандарының лауазымдары:
      мемлекеттік мекеменің, қазыналық кәсіпорынның басшысы,                орынбасары;
      барлық мамандықтың мұғалімдері;
      мұғалім;
      педагог-психолог;
      әдіскер;
      инструктор;
      мастер;
      тәрбиеші;
      вожатый;
      музыкалық жетекші;
      кітапханашы;
      медициналық бике;
      лаборант;
      кітапхана меңгерушісі;
      әлеуметтік педагог;
      педагог-ұйымдастырушы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады