Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2012.06.21 № 5С-7/6 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса берілген Бурабай ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау және серуендету Ережелері бекітілсін.
2. Бурабай аудандық мәслихаттың «Әкiмшiлiк жауаптылық қарастырылған құқық бұзушылық ережелерiн бекiту туралы» 2005 жылғы 4 наурыздағы № С-14/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3112 тіркелген, 2005 жылғы 21 сәуірдегі аудандық «Бурабай» газетінде, 2005 жылғы 18 сәуірдегі аудандық «Луч» газетінде жарияланған), «Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 4 наурыздағы № С-14/3 «Әкiмшiлiк жауаптылық қарастырылған құқық бұзушылық ережелерiн бекiту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 9 қазандағы № С-33/4 (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-19-86 тіркелген, 2006 жылғы 2 қарашадағы аудандық «Бурабай» газетінде, 2006 жылғы 30 қазанда аудандық «Луч» газетінде жарияланған) шешімдері күшін жойған деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
XXХIII сессиясының төрағасы П.Проскурин
Аудандық
мәслихаттың хатшысы Г.Марченко
«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі В.Балахонцев
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекциясы
комитетінің Бурабай аудандық
аумақтық инспекциясы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы К.Мәшімов
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Ақмола
облысы бойынша департаментінің
Бурабай ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы С.Жолдасбаев
«Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
Ақмола облысының ішкі істер
департаментінің Бурабай
ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Жүсіпов
Бурабай аудандық мәслихаттың
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ С-33/5 шешімімен бекітілген
Бурабай ауданының елді мекендерінде
иттер мен мысықтарды күтіп ұстау және серуендету
Ережелері
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Бурабай ауданының елдi мекендерiнде иттер мен мысықтарды күтіп ұстау және серуендетудің осы Ережелері (бұдан әрi – Ережелер) Бурабай ауданы аумағында иттер мен мысықтарды күтіп ұстау және серуендетуді регламенттеу мақсатында әзiрленген.
2. Ережелер меншiк нысанына қарамастан иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға таралады. Қызметтiк иттері мен питомниктері бар құқық қорғау органдарының мекемелерiне таралмайды.
3. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес әзiрленген.
2 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау жағдайлары
4. Иттер мен мысықтарды ұстайтын иелер санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелердi ұстанады.
5. Көп қабатты үйлердiң ортақ пайдалану орындарында (баспалдақ торларында, төлелерде, дәлiздерде) сондай-ақ балкондар мен лоджияларда иттердi ұстауға тыйым салынады.
6. Жеке үйлердің иелері иттерді, олардың қашып кетуін болдырмайтын жеке қонысының шекарасында ұстасын. Жеке қонысқа кiрер қақпада иттердің бар екендігі туралы ескертпе тақтасы бар.
7. Кәсіпорындар мен мекемелер жанына иесі байлап кеткеннен басқа қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер мен мысықтар қаңғыбас деп есептеледі және қаңғыған иттер мен мысықтарды аулау бойынша арнайы қызметтердің міндетті аулауына жатады.
Бақылаусыз қалған иттер мен мысықтарды аулау мен жоюды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.
8. Иттер мен мысықтар нөмір беру және ветеринарлық төлқұжат алу жолымен сәйкестендіру рәсімінен өтеді.
3 тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау тәртібі
9. Иттер мен мысықтардың иелерi заңды мәртебесiне және меншiк нысанына қарамастан:
1) иттер мен мысықтарды осы Ережелердiң талаптарына сәйкес тиісінше ұстауды қамтамасыз етедi;
2) айналасындағының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, санитарлық ережелердi сақтау үшiн қажеттi шаралар қолданады;
3) ортақ пайдалану орындарында және басқа да қоғамдық орындарда иттер мен мысықтарды серуендеткен кезде пайда болған ластануды тазартады;
4) жануарды егу, қарау және ұстауға байланысты, осыларды жүзеге асырған органдардың барлық шығындарын өтейдi;
5) жануарлар қабуының барлық уақиғалары, сондай-ақ жануарлардың кенеттен болған өлім-жітімі жөнiнде дереу селолық округтiң ветеринарлық инспекторына немесе ветеринарлық қадағалау органына және денсаулық сақтау органдарына хабарлайды, жануар ауруға ұшырады деп күдіктенген жағдайда, оны ветеринарлық қызметтiң мамандары келгенге дейін оқшаулайды немесе жануарды қоғамдық көлiктi пайдаланбай мал дәрiгерiне жеткiзеді;
6) өлген жануарлардың өлігiн мал қорымында немесе өлік жағатын пеште кәдеге жаратады;
7) ветеринарлық қызметкерлерге, олардың талабы бойынша жануарларды диагностикалық зерттеу және вакциналау мен дегельминтизациялау үшiн жануарды бередi.
10. Үй жануарларының құтыру ауруына шалыққанына күдiктену фактiсi анықталған жағдайда, көрсетілген жұқпаға қарсы бұрын сәйкестендіру және иммунизация рәсімдерінен өтпегендер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алып қойылады және жойылады.
4 тарау. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі
11. Жануарларды серуендеткенде олардың иелерi келесі ережелердi ұстанады:
1) иттердi аулада, балалар алаңқайларында, мектеп аулаларында, стадиондарда, парктерде, саябақтарда серуендетпеу. Серуендеткен уақытта болған барлық ластауды (табиғи дәреттерін) жинайды;
2) иттердi арнайы бөлінген, қоршалған жерлерде серуендету, егер ондай жерлер жоқ болса, иттердi қыдыртуға бөлінген құла далада жүзеге асырылады.
3) адамдар көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көлiктерде және басқа қоғамдық орындарда иттердi қысқа шылбырда және тұмылдырықта ұстау. Адам аз жерлерде иттердi ұзын шылбырда және тұмылдырықта серуендетуге рұқсат етiледi. Қоршалған жерлерде және құла далада, адамдар жоқ болған жағдайда иттердi тұмылдырығын шешпей шылбырдан босатып жiберуге рұқсат етiледi;
4) иттердi түнгi уақытта серуендеткен кезде олардың иелерi тыныштықты сақтау шараларын қолданады.
5 тарау. Қорытынды ережелер
12. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасымен белгіленеді.