Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012.04.17 № 129 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабының 3 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 345 «Ақтөбе облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3304 тіркелген, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 152, 153 жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
5 тармақтағы «20 000 (жиырма мың) теңгені» деген сандар мен сөздер «26 000 (жиырма алты мың) теңгені» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Облыс әкімі Е.Сағындықов