Ақтөбе облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 345 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 15 желтоқсанда № 3304 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 17 сәуірдегі № 129 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012.04.17 № 129 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7 бабының 6 тармағына, 5-баптың 2-тармағы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабының 2 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010.02.19 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010.01.01 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады) Қаулысымен.
      1. Аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдері жастар тәжірибесін ұйымдастыруға  бөлінген  қаражаттың  уақтылы  және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
      2. Ақтөбе облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру кезінде анықтау:
      1) Ақтөбе қаласы және аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жастар тәжірибесін ұйымдастыру бойынша уәкілетті органдар (бұдан әрі – Уәкілетті органдар) болып табылады;
      2) Уәкілетті органдар:
      жастар тәжірибесін өткізуді жастарды жұмыспен қамту саласында өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан ахуалды талдау негізінде ұйымдастырады;
      қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму, өндірісін кеңейту және жастар тәжірибесіне қатысушыларды қабылдау мүмкіндігі бар кәсіпорындар туралы ақпараттар жинау жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Бір мезгілде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастар тәжірибесін ұйымдастырудың және өткізудің негізгі шарттары туралы хабардар етеді деп белгіленсін;
      3) жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезінде ескеріледі:
      жұмыссыз жастар саны және оның уәкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
      ұзақ уақыт бойынша жұмыссыз жүрген жастар санының өсуі;
      жұмыссыз жастардың еңбек өтілінің, алған мамандығы бойынша машығының болмауы, бұл оны жұмысқа орналастыру мүмкіндігін төмендететіндігі ескеріледі.
      3. Жұмыссыз жастарды іріктеу мынадай өлшемдерді есепке алып жүргізіледі:
      1) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеу;
      2) жоғары оқу орындарының, колледж немесе кәсіби лицей түлегі болуы;
      3) мамандығы бойынша жұмыстың болмауы.
      4. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезінде туындайтын және шарттар жасауға алып келетін құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдармен реттеледі.
      5. Жастар тәжірибесі қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу жасаған еңбек шарттары негізінде уәкілетті органдармен, іс жүзінде жасаған жұмыс уақыты үшін олардың дербес шоттарына қаражат аудару жолымен жүргізіледі. Бір қатысушыға жергілікті бюджеттер есебінен орташа айлық аударымдар 26 000 (жиырма алты мың) теңгені құрайды.
      Ескерту. 5 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010.02.19 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2010.01.01 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады); 2011.02.23 № 58 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011.01.01 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады) Қаулыларымен.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Облыс әкімі                                Е.Сағындықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады