Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14–бабы 4) тармақшасына, халықтың пікірін ескере отырып, Басқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Басқұдық ауылының көшелеріне келесі атаулары берілсін:
1) "Темірбек Жүргенов"
2) "Бауыржан Момышұлы"
3) "Шынтай Ырғызбаев"
4) "Құтпанбет Ақпанов"
5) "Амангелді Иманов"
6) "Кеңес"
7) "Сәкен Сейфуллин"
8) "Бейбітшілік"
9) "Бөгет"
2. Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Басқұдық ауылдық округінің әкімінің 16.02.2016 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқұдық ауылдық округінің Әкімі: | С.К.Тойшыманов |