Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 27.06.2013 № 93 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Қазақстан Республикасының бюджет Кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 26.04.2013 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешімнің орындалуын қамтамасыз ету «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не, орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.Ағниязовқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының
төрағасы, мәслихат хатшысы: А.Кайрушев