Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 27.06.2013 № 93 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Алға аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алға аудандық мәслихатының 2011 жылдың 30 наурыздағы № 11 «Аудан аумағындағы ауылдық жерлерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-124 тіркелген, 2011 жылғы 3 мамырдағы № 22 аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Алға ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін».
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы хатшысы
Б.Есембаев А.Кайрушев