Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылдық" деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі әкімінің 03.11.2014 № 12 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қызылбұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1.
Қызылбұлақ ауылдық округінің құрамындағы бөліктеріне (қыстақтар) келесі атаулар берілсін:
1) Көктүбек
2) Қызылбұлақ
3) Қызылшоқы
4) Ордабай
5) Қызылапан
6) Көкпекті
7) Ақжар
8) Аққұдық
9) Қаңбақтысай
10) Қоңырқұдық
11) Ойық
2.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
3.
Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылбұлақ ауылдық округі әкімі |
А.Кабиев |