Қызылбұлақ ауылдық округі құрамындағы бөліктеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қызылбұлақ селолық округі әкімінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 12 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 қарашада № 3-4-131 тіркелді

     Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылдық" деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі әкімінің 03.11.2014 № 12 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қызылбұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қызылбұлақ ауылдық округінің құрамындағы бөліктеріне (қыстақтар) келесі атаулар берілсін:
      1) Көктүбек
      2) Қызылбұлақ
      3) Қызылшоқы
      4) Ордабай
      5) Қызылапан
      6) Көкпекті
      7) Ақжар
      8) Аққұдық
      9) Қаңбақтысай
      10) Қоңырқұдық
      11) Ойық
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қызылбұлақ ауылдық округі әкімі

А.Кабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады