Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 24.04.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Деректемелерінде қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 24.04.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Миялы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Миялы ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Миялы ауылы:
1) Жем өзені
2) Орталық
3) Бесбай
4) Тоғалай
5) Көктерек
6) Миялы
7) Ащы
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 24.04.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Дияр ауылы:
1) Мектеп
2) Шалпық
3) Желтау
4) Артезиан
5) Сарықұм
6) Мыңғыр
3. Бесбай ауылы:
1) Ақжар
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Миялы ауылдық округі әкімінің м.а. | И.Мәнібаев |