Байғанин ауданы Миялы селолық округі әкімінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1 "Миялы ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 28 сәуірде № 5474 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Коституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Коституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин ауданы Миялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин ауданы Миялы селолық округі әкімінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 1 "Миялы ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-118 тіркелген, 2011 жылғы 13 қазанда "Жем Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;

      шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Миялы ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы";

      1 тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Миялы ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:";

      орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "село Миялы:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Миялы ауылдық округінің әкімі И.Мәнібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады