Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2012.05.28 № 84 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 27 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 444-IV Заңына сәйкес Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 92 «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 13 мамырда № 3-5-133 болып тіркелген, аудандық «Ырғыз» газетінің № 30 санында 2011 жылдың 7 маусымында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қаулының 1 тармағы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Шахинге жүктелсін.
3. Осы қаулы олар алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.ДУАНБЕКОВ