Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2012.05.28 № 84 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2011.09.05 № 194 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің тізбесі және әлеуметтік жұмыс орындарының саны 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. «Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңда белгіленген тәртіпте әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.
4. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 88 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 31 мамырда № 3-5-117 номерімен тіркелген, 2010 жылғы 15 маусымдағы № 32 «Ырғыз» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Шахинге жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және 2011 жылдың 1 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі М.ДУАНБЕКОВ
Аудан әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 92 қаулысына 1 қосымша
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын
жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi
Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2011.09.05 № 194 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 92 қаулысына 2 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын
шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің тізбесі
Рет саны |
Шаруа қожалықтары мен |
адам саны |
1 |
«Сер-МАҚ» шаруа қожалығы |
2 |
2 |
«Құмкөл» шаруа қожалығы |
3 |
3 |
«Мирас» шаруа қожалығы |
3 |
4 |
«Әл-Фараби» шаруа қожалығы |
3 |
5 |
Жеке кәсіпкер «Қосаяқов Б» |
3 |
6 |
Жеке кәсіпкер «Баймурзина А.С» |
1 |
БАРЛЫҒЫ: |
15 |
---|