Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2012.05.28 № 84 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп анықталған Қазақстан Республикасы мәслихаттары мен Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын ораналастыратын орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Селолық округ әкімдері белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Шахинге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Дуанбеков
Келісілді:
Ырғыз аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
төрағасы Ж. Байқадам