Депутаттыққа кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 269 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 желтоқсанда № 3-5-148 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 84 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2012.05.28 № 84 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп анықталған Қазақстан Республикасы мәслихаттары мен Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын ораналастыратын орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Селолық округ әкімдері белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Шахинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               М. Дуанбеков

      Келісілді:
      Ырғыз аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының
      төрағасы                                  Ж. Байқадам

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады