Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 баптарына және Ырғыз ауылдық округі Ақши ауылы тұрғындарының 2011 жылғы 10 қаңтардағы хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауылдық округі Ақши ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін.
1) Жолболсын Шайқақов көшесі;
2) Зейнолла Ермағанбетов көшесі;
3) Астананың 10 жылдығы көшесі;
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз ауылдық округінің әкімі: | Н. ҚЫЗБЕРГЕНОВ |