Ырғыз ауылдық округі Ақши ауылының көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округінің әкімінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 23 шешімі. Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 3 мамырда № 3-5-130 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтініндегі "селолық", "селосы" "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылы", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылдық округі әкімінің 21.09.2016 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 баптарына және Ырғыз ауылдық округі Ақши ауылы тұрғындарының 2011 жылғы 10 қаңтардағы хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ырғыз ауылдық округі Ақши ауылының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін.
      1) Жолболсын Шайқақов көшесі;
      2) Зейнолла Ермағанбетов көшесі;
      3) Астананың 10 жылдығы көшесі;
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ырғыз ауылдық округінің әкімі: Н. ҚЫЗБЕРГЕНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады