Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Қызылжар ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 20 мамырдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 18.03.2017 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қызылжар ауылының көшелеріне төмендегі атау берілсін:
1) Достық көшесі;
2) Астана көшесі;
3) Абылайхан көшесі;
4) Әлия Молдағұлова көшесі;
5) Ыбырай Алтынсарин көшесі;
6) Абай көшесі.
2. Қаракемер ауылының көшесіне төмендегі атау берілсін:
1) Тәуелсіздік көшесі;
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі | Г. Балманова |