Қызылжар ауылдық округі елді мекендерінің көшелерін атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 29 шілдеде № 3-7-110 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 18.03.2017 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Қызылжар ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 20 мамырдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің 18.03.2017 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қызылжар ауылының көшелеріне төмендегі атау берілсін:
      1) Достық көшесі;
      2) Астана көшесі;
      3) Абылайхан көшесі;
      4) Әлия Молдағұлова көшесі;
      5) Ыбырай Алтынсарин көшесі;
      6) Абай көшесі.
      2. Қаракемер ауылының көшесіне төмендегі атау берілсін:
      1) Тәуелсіздік көшесі;
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауыл округінің әкімі Г. Балманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады