Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Құрсай ауылдық округі әкімінің 28.02.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Құрсай ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 1 маусымдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Құрсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Құрсай ауылдық округі әкімінің 28.02.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Құрсай ауылының келесі көшелері мен тұйығына атаулар берілсін:
1) Әлия Молдағұлова көшесі
2) Абай Құнанбаев көшесі
3) Астана тұйығы
2. Құрсай ауылының келесі тұйықтарының атауы өзгертілсін:
1) Мира тұйығы – Егемен тұйығы;
2) Молодежная тұйығы – Жастар тұйығы;
3) Садовая тұйығы – Жеңіс тұйығы;
4) Целинная тұйығы – Желтоқсан тұйығы
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі: | Т. Казиев |