Құрсай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 13 шілдедегі № 3 "Құрсай ауылының көшелері мен құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Құрсай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 03 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 желтоқсанда № 4133 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Құрсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Құрсай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 13 шілдедегі № 3 «Құрсай ауылының көшелері мен құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-120 санымен тіркелген, 2011 жылғы 25 қыркүйектегі аудандық «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша «аульного», «аула» сөздері тиісінше «сельского», «села» сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тіліндегі атауы мен мәтіні өзгермейді.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
 
 

      Ауылдық округ әкімі

С.Елеусінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады