Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2011.12.21 № 290 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 32 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу және ұйымдастыру тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге келесі орындар белгіленсін:
Қандыағаш қаласы бойынша:
«Ақтөбеэнергомұнай» АҚ басқармасы ғимаратының жанындағы алаң,
«Жеңіс» даңғылы С.Сейфуллин көшесі қиылысындағы алаң,
аудандық кітапхананың залы;
Ембі қаласы бойынша:
Орталық стадион,
қалалық кітапхананың залы;
Жем қаласы бойынша:
қалалық мәдениет үйінің алаңы,
Мәдениет үйінің мәжіліс залы.
2. Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 31 наурыздағы № 239 «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары туралы» шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қ.Құрмашевқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы хатшысы
С.Мамитов С.Салықбаев