Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар селосының әкімінің 2011.12.15 № 25 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынысының негізінде Мұғалжар селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мұғалжар селосының «Бірлес» шаруашылық қожалығында құтыру ауруының ошағын анықтауға байланысты карантин режимiн шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу.
2. Мұғалжар аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Д.Жақсығали (келісімімен) осы карантин іс шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Мұғалжар селосы әкімі аппараты» ММ ветеринария саласы бойынша бас маманы Б.Нариковаға жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар селосының әкімі Ғ.Дәрімбетов