Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 24 "Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-112 тіркелген, аудандық "Хромтау" газетінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 13 нөмірлерінде жарияланған) төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
1) аталмыш қаулының 1-тармағы 8), 9) тармақшалармен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
8) уәкілетті органның жолдауымен кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды тәмәмдаған жұмыссыздар;
9) маусымдық және уақытша жұмыстарға қатысқан жұмыссыздар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ельдесовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Усмангалиев |