Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 30.10.2014 № 340 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағын басшылыққа алып, кандидаттардың тең құқығын қамтамасыз ету мақсатында, Текелі қалалық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Рудничный кентінің әкімі Текелі қалалық сайлау комиссиясымен бірігіп белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Болат Далабайұлы Белдібековке және Гүлмира Баяхметқызы Маупашеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі С. Бескемпіров
КЕЛІСІЛДІ:
Текелі қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы Кан Олег Станиславович
30 наурыз 2011 жыл
30 наурыз 2011 жылғы N 66
Текелі қаласы әкімдігінің
"Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарын
белгілеу туралы" қаулысына
қосымша
Барлық үміткерлер үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру
орындары
Текелі қаласында:
Әбілхан Қастеев көшесі, 8 (N 4 орта мектеп аумағында);
Тәуелсіздік көшесі, 11 (Мәдениет үйі аумағында);
Әуезов көшесі (базар аумағында);
Қуаныш Сатпаев көшесі, 44 (Спорт сарайы аумағында).
Рудничный кентінде поселкесінде:
Бейбітшілік көшесі, 55 (пошта аумағында).