Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 2011.11.01 N 17 Шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасы және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитарлық инспекторының 2011 жылғы 20 мамырындағы N 18 ұсынысы негізінде, Ақтүбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек елді мекенінде ұсақ мүйізді малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды Ақтүбек ауылдық округі әкімі аппаратының мал дәрігерлік бас маманы Бибазаров Асқар Қайпчанұлына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі М. Төлегенов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Ауылшаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіп кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Алакөл аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы Арман Маратұлы Қабаев
08 қыркүйек 2011 жыл
Алакөл аудандық мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы бастығы Фурман Скендірұлы Шағайбаев
08 қыркүйек 2011 жыл