Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 08 қыркүйектегі N 15 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 22 қыркүйекте N 2-5-155 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 01 қарашадағы N 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылдық округі әкімінің 2011.11.01 N 17 Шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасы және Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитарлық инспекторының 2011 жылғы 20 мамырындағы N 18 ұсынысы негізінде, Ақтүбек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтүбек ауылдық округінің Ақтүбек елді мекенінде ұсақ мүйізді малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды Ақтүбек ауылдық округі әкімі аппаратының мал дәрігерлік бас маманы Бибазаров Асқар Қайпчанұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                М. Төлегенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасы
      Ауылшаруашылығы Министрлігі
      агроөнеркәсіп кешендегі
      мемлекеттік инспекция комитетінің
      Алакөл аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы                     Арман Маратұлы Қабаев
      08 қыркүйек 2011 жыл

      Алакөл аудандық мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасы бастығы               Фурман Скендірұлы Шағайбаев
      08 қыркүйек 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады