Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2011.05.12 N 50-1 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 1-қаңтардағы N 9187 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес, аудан әкімінің 2011 жылғы 17-наурыздағы N 09-01/571 хатының негізінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Салық салудың айқындылығы және әділдігі принциптерін, барлық салық төлеушілер үшін базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу жұмыстарын іске асыру мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ойын бизнесіндегі бекітілген бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2011-2013 жылдарға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 14-сәуірдегі "Белгіленген бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 38-5 шешімінің күші жойылсын. (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2-8-147, 27.05.2010 ж., жарияланды "Еңбекшіқазақ" газетінде N 23, 04.06.2010 ж).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қадырбек Мұрат Болатұлына және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың
48-сессиясының төрайымы Қ. Дюсембаева
Аудандық мәслихат
хатшысы Ә. Талқамбаев
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімінің
орынбасары Қадырбек Мұрат Болатұлы
15 наурыз 2011 жыл
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
салық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ашуов Қайрат Зикенұлы
15 наурыз 2011 жыл
Аудандық мәслихат
аппаратының басшысы Жаңабаев Қуанышбек Нұрғалиұлы
14 наурыз 2011 жыл
Мәслихат аппаратының
бас маман-заңгер Желдікбаева Әйгерім Алшынқызы
14 наурыз 2011 жыл
Еңбекшіқазақ аудандық
мәслихаттың 2011 жылғы
18-наурыздағы N 48-2
"Ойын бизнесіндегі бекітілген
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын белгілеу
туралы" шешіміне
қосымша
2011-2013 жылдарға арналған ойын бизнесіндегі бекітілген
бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері
N |
Салық салынатын |
Тіркелген салықтың |
Тіркелген |
Бірыңғай |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Бір ойыншымен |
1 |
12 |
6 |
2 |
Біреуден артық |
1 |
18 |
10 |