Ойын бизнесіндегі бекітілген бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2011-2013 жылдарға белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 наурыздағы N 48-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 25 сәуірде N 2-8-176 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы N 50-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2011.05.12 N 50-1 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 1-қаңтардағы N 9187 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес, аудан әкімінің 2011 жылғы 17-наурыздағы N 09-01/571 хатының негізінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Салық салудың айқындылығы және әділдігі принциптерін, барлық салық төлеушілер үшін базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу жұмыстарын іске асыру мақсатында Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ойын бизнесіндегі бекітілген бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2011-2013 жылдарға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 14-сәуірдегі "Белгіленген бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 38-5 шешімінің күші жойылсын. (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2-8-147, 27.05.2010 ж., жарияланды "Еңбекшіқазақ" газетінде N 23, 04.06.2010 ж).
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қадырбек Мұрат Болатұлына және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың
      48-сессиясының төрайымы                    Қ. Дюсембаева

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ә. Талқамбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудан әкімінің
      орынбасары                                 Қадырбек Мұрат Болатұлы
      15 наурыз 2011 жыл

      "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
      салық басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ашуов Қайрат Зикенұлы
      15 наурыз 2011 жыл

      Аудандық мәслихат
      аппаратының басшысы                        Жаңабаев Қуанышбек Нұрғалиұлы
      14 наурыз 2011 жыл

      Мәслихат аппаратының
      бас маман-заңгер                           Желдікбаева Әйгерім Алшынқызы
      14 наурыз 2011 жыл

Еңбекшіқазақ аудандық
мәслихаттың 2011 жылғы
18-наурыздағы N 48-2
"Ойын бизнесіндегі бекітілген
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын белгілеу
туралы" шешіміне
қосымша

2011-2013 жылдарға арналған ойын бизнесіндегі бекітілген
бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері

N

Салық салынатын
объектінің
атауы

Тіркелген салықтың
базалық
ставкаларының ең
төменгі мөлшері
(айлық есептік
көрсеткіш)

Тіркелген
салықтың
базалық
ставкаларының
ең жоғары
мөлшері (айлық
есептік
көрсеткіш)

Бірыңғай
белгіленген
салықтар
(айлық
есептік
көрсеткіш)

1

2

3

4

5

1

Бір ойыншымен
ойын өткізуге
арналған,
ұтыссыз ойын
автоматы

1

12

6

2

Біреуден артық
ойыншылардың
қатысуымен ойын
өткізуге
арналған
ұтыссыз ойын
автоматы

1

18

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады