РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8-желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 5-1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 4-тармақшасына сәйкес, Есік қаласы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2011 жылғы 20-қаңтардағы N 09-01/106 хатының және аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңесінің 2011 жылғы 12-қаңтардағы N 4 келісімі негізінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы "Тихий" көшесіне "Ақан Аманбаевтың" есімі берілсін.
2. Осы бірлескен шешімнің орындалуын Есік қаласы әкімі Асхат Әділханұлы Алмабеков жүзеге асырсын.
3. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бекет Төлегенұлы Ахметовке және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың
8-сессиясының төрайымы Қ. Дюсембаева
Аудандық мәслихат хатшысы Ә. Талқамбаев
Аудан әкімі Ә. Тойбаев