Енбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы "Тихий" көшесіне "Ақан Аманбаевтың" есімін беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 наурыздағы N 48-6 шешімі және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы N 226 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 25 сәуірде N 2-8-179 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8-желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 5-1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 4-тармақшасына сәйкес, Есік қаласы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2011 жылғы 20-қаңтардағы N 09-01/106 хатының және аудан әкімдігі жанындағы қоғамдық ономастикалық кеңесінің 2011 жылғы 12-қаңтардағы N 4 келісімі негізінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы "Тихий" көшесіне "Ақан Аманбаевтың" есімі берілсін.
      2. Осы бірлескен шешімнің орындалуын Есік қаласы әкімі Асхат Әділханұлы Алмабеков жүзеге асырсын.
      3. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бекет Төлегенұлы Ахметовке және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың
      8-сессиясының төрайымы                     Қ. Дюсембаева

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ә. Талқамбаев

      Аудан әкімі                                Ә. Тойбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады