РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің келісімі және Қаракемер селолық округінің тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қаракемер селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қаракемер селолық округіндегі Сатай селосының оңтүстік бағытында орналасқан жаңа көшелерге келесідей көше аттары қойылсын:
бірінші көшеге Медетбек батыр;
екінші көшеге Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы;
үшінші көшеге Ататұрік;
төртінші көшеге Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы;
бесінші көшеге Бәйдібек Қарашаұлы;
алтыншы көшеге Әйтей Құлманбетұлы;
жетінші көшеге Әжібай Найманбайұлы;
сегізінші көшеге Бауыржан Момышұлы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі А. Байтулаков