Қаракемер селолық округіндегі Сатай селосындағы жаңа көшелерге ат қою туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер селолық округі әкімінің 2011 жылғы 17 қарашадағы N 35 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 06 желтоқсанда N 2-8-185 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің келісімі және Қаракемер селолық округінің тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қаракемер селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       1. Қаракемер селолық округіндегі Сатай селосының оңтүстік бағытында орналасқан жаңа көшелерге келесідей көше аттары қойылсын:
      бірінші көшеге Медетбек батыр;
      екінші көшеге Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы;
      үшінші көшеге Ататұрік;
      төртінші көшеге Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы;
      бесінші көшеге Бәйдібек Қарашаұлы;
      алтыншы көшеге Әйтей Құлманбетұлы;
      жетінші көшеге Әжібай Найманбайұлы;
      сегізінші көшеге Бауыржан Момышұлы.
       2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
       3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                                А. Байтулаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады