Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2012.04.18 N 6-24 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызметін бір әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін 2011 жылға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, әлеуметтік экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Карпов Дмитрий Павлович) тапсырылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік мерзім өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Б. Сүлейменова
Аудандық мәслихат хатшысы Ф. Ыдрышева
КЕЛІСІЛГЕН:
Іле ауданы бойынша Салық
басқармасының бастығы: Киртаев Бахытжан Mұхамеджанұлы
15 сәуір 2011 жыл
Іле аудандық мәслихатының
2011 жылғы 15 сәуірдегі
N 46-191 шешіміне
қосымша
Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге
асыратын барлық салық төлеушілер үшін 2011 жылға арналған
бірыңғай тіркелген салық ставкасының мөлшері
Рет N |
Салық салу объектісінің |
Бірыңғай тіркелген салықтың |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
6 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
10 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер |
2 |
4 |
Ойын жолы (боулинг) |
25 |
5 |
Карт |
6 |
6 |
Бильярд үстелі |
10 |