Іле ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2012-2013 жылдарға белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 сәуірдегі N 6-24 шешімі. Алматы облысы Әділет департаменті Іле ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 07 мамырда N 2-10-158 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2013 жылғы 07 қарашадағы N 25-120 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 07.11.2013 N 25-120 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Іле ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2012-2013 жылдарға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Іле аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 сәуірдегі "Салық төлеушілер үшін 2011 жылға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" N 46-191 шешімінің (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2011 жылы 25 сәуірде N 2-10-142 нөмірімен тіркелген, "Іле таңы" газетінің 2011 жылғы 08 мамырдағы 21 нөмірінде жарияланған) күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Файль Виктор Александровичке және аудандық мәслихаттың бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Б. Сүлейменова

      Мәслихат хатшысы                           Ф. Ыдрышева

      КЕЛІСІЛДІ:

      Іле ауданы бойынша
      Салық басқармасының
      бастығы                                    Белесбаев Серік Дәулетұлы
      18 сәуір 2012 жыл

Іле аудандық мәслихатының
2012 жылғы 18 сәуірдегі
"Іле ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын 2012-2013
жылдарға белгілеу туралы"
N 6-24 шешіміне
қосымша

Іле ауданы бойынша 2012-2013 жылдарға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері

Рет
N

Салық салу объектісінің
атауы

Іле ауданы бойынша айына салық
салу бірлігіне тіркелген
салықтың базалық ставкаларының
мөлшері (айлық есептік
көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын
өткізуге арналған,
ұтыссыз ойын автоматы

6

2

Біреуден артық
ойыншылардың қатысуымен
ойын өткізуге арналған
ұтыссыз ойын автоматы

10

3

Ойын өткізу үшін
пайдаланатын дербес
компьютер

2

4

Ойын жолы
(боулинг)

25

5

Карт

6

6

Бильярд үстелі

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады