Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2012.02.22 N 31 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру туралы" N 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесі негізінде Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақылы қоғамдық жұмыстар ұсыныс пен сұранысқа сай, айқындалып, жұмыссыз азаматтар үшін уақытша жұмыс орнын құру жолымен ұйымдастырылсын.
2. Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Кербұлақ аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 27 қаңтардағы N 13 "2010 жылғы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы", Кербұлақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 09 наурызында 2-13-108 нөмірімен нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2010 жылдың 12 наурызындағы "Кербұлақ жұлдызы" газетінің N 11 санында жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Болысбай Тоғысбайұлы Момбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Жантілеуов
Ұсыныс енгізуші:
Аудан әкімінің орынбасары Болысбай Тоғысбайұлы Момбаев
06 сәуір 2011 жыл
Келісілді:
Аппарат басшысы Серік Михайлұлы Мұстафанов
06 сәуір 2011 жыл
Аудан әкімі аппаратының
құқықтық мәселелері
бойынша бас маманы Ерлан Садуақасұлы Еркебаев
06 сәуір 2011 жыл
Аудандық экономика
бюджеттік жоспарлау және
кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Шалқыбай Молдахметұлы Төлегенов
06 сәуір 2011 жыл
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Айгул Тұрдахынқызы Диханбаева
06 сәуір 2011 жыл
Аудандық қаржы
бөлімінің бастығы Гаухар Ақылбекқызы Мусахметова
06 сәуір 2011 жыл
Кербұлақ аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі
мемлекеттік мекемесінің бастығы Мекебек Жамауұлы Жамауов
06 сәуір 2011 жыл
Кербұлақ аудандық
Зейнетақы төлеу бөлімшесі Қуаныш Пәсепұлы Дүйсенай
06 сәуір 2011 жыл
Мемлекеттік мұрағатының
Кербұлақ ауданының
Дербес бөлімшесі Жарылқасын Мәуленбайқызы Удербаева
06 сәуір 2011 жыл
Кербұлақ ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 06 сәуірдегі N 94
"2011 жылы Кербұлақ ауданы
бойынша ақылы қоғамдық
жұмыстарын ұйымдастыру
туралы" қаулысына
қосымша
Ұйымдардың 2011 жылға арналған тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың
түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне
төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көзi
р/с |
Ұйымдардың |
Қоғамдық |
Көлемі мен |
Қатысушылардың |
Қаржыландыру |
1. |
Сарыөзек, |
ауылды құжаттарды |
Қоғамдық толық емес арнаулы қоғамдық толық емес еңбек еңбек ақының |
Қазақстан |
Жергілікті |
2. |
"Кербұлақ |
құжаттарды |
Қоғамдық толық емес арнаулы қоғамдық толық емес еңбек еңбек ақының |
Қазақстан |
Жергілікті |
3. |
Алматы |
құжаттарды |
Қоғамдық толық емес арнаулы қоғамдық толық емес еңбек еңбек ақының |
Қазақстан |
Жергілікті |
4. |
Зейнетақы |
құжаттарды жәрдемақы |
Қоғамдық толық емес арнаулы қоғамдық толық емес еңбек еңбек ақының |
Қазақстан |
Жергілікті |
5. |
Кербұлақ |
құжаттарды |
Қоғамдық толық емес арнаулы қоғамдық толық емес еңбек еңбек ақының |
Қазақстан |
Жергілікті |