Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2011.04.06 N 94 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының 5-тармағы 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 13)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақылы қоғамдық жұмыс ұсыныс пен сұранысқа сай, ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.Диханбаева):
1) қосымшада көрсетілген қоғамдық жұмыстарға байланысты жұмыс берушілермен келісім шартқа отырсын және екі жақты келісімнің орындалуын қамтамасыз етсін;
2) нақты атқарылған қоғамдық жұмысқа ақы төлеу жұмыс беруші мен жұмыссыздың жеке еңбек келісім шарты бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ең төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде жұмыс уақытының есебі көрсетілген табель негізінде жүргізілсін.
3. Кербұлақ аудандық әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 23 қаңтарында N 2-13-88 болып тіркелген (аудандық "Кербұлақ жұлдызы" басылымында 2009 жылдың 27 ақпанындағы N 9 санында жарияланған), аудан әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы "2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 12 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Аудандық қаржы бөліміне (Г.Мұсахметоваға, келісімі бойынша) ақылы қоғамдық жұмыстарға, төлеуге ақша қаражатын мезгілімен бөлінуін қамтамасыз ету жүктелсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Момбаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Жантілеуов
Кербұлақ ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 27 қаңтарындағы
"2010 жылы ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру
туралы" N 13 қаулысына
қосымша
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру түрлері, көлемі және жұмыс берушілердің тізімі
р/с |
Жұмыс |
Уақытша |
Қатысатын |
Атқарылатын |
Айлық |
Қаржыландыру |
1. |
Сарыөзек, Алтынемел, |
Тұрғын үй Жолдарды Тарихи Мәдениеттік Республикалық Малдарды Кітаптарды Мүгедек Атаулы Мұражайларға Жастар Ұлы Отан Малдың Спорттық Халық Балалардың Тұрмысы Шаруашылық |
258 адам |
11 ай |
14952 |
Жергілікті 9989760 |
2. |
"Аудандық |
Балаларды |
4 адам |
10 ай |
14952 |
Жергілікті |
3. |
Алматы |
Мұрағаттық |
4 адам |
10 ай |
14952 |
Жергілікті |
4. |
Кербұлақ |
МЗТО-на |
2 адам |
10 ай |
14952 |
Жергілікті 299040 |
5. |
Кербұлақ |
Соғыс Жұмыссыз |
2 адам |
10 ай |
14952 |
Жергілікті |
6. |
Барлығы: |
270 адам |
11784000 |
Аппарат басшысы С. Мұстафанов